Белбеу күресінен Әлем чемпионатының ашылуы өтті

Белбеу күресінен Әлем чемпионатының ашылуы өтті

Бүгін Астанада «Аспан» спорт кешенінде жастар арасында белбеу күресінен Әлем чемпионатының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды kazsports.kz.

15 қазанға дейін 2002-2004 жылы туған 16 елдің 200-ге жуық спортшысы өзара кім мықтыны анықтайды. Атап айтсақ, чемпионатқа мына елдер спортшы жіберді: Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия, Румыния, Молдавия, Әзірбайжан, Қытай, Пәкістан, Үністан, Литва, Латвия, Польша, Түркменстан, Қырғыз Республикасы.

Қазақстан Ұлттық құрамасы қатарында 28 спортшы (16 ұл, 12 қыз) сынға түсіп жатыр.

Ерлер: Бекзат Алдаберген (57 кг), Ерболат Егізбайұлы (57 кг), Мерей Әбдікешов (62 кг), Шерхан Еркінов (62 кг), Бейбарыс Тұрғанбекұлы (68 кг), Мейіржан Қоқантаев (68 кг), Айберген Маукенбай (75 кг), Диас Апбазов (75 кг), Алдияр Айтмұханбет (82 кг), Өрісбай Орманқұл (82 кг), Мейіржан Амантай (90 кг), Бекнұр Қуандық (90 кг), Заңғар Жаңабек (100 кг), Рамазан Сайлаубек (100 кг), Мақсат Жакенов (+100 кг), Асланбек Мұғауия (+100 кг)

Қыздар: Ақниет Жәнәбіл (48 кг), Аружан Болат (48 кг), Назерке Әбілтаева (52 кг), Айгерім Кеңесова (52 кг), Наргиз Войсова (58 кг), Назиғат Сағидулла (58 кг), Ғажайып Нұртай (66 кг), Маржан Қаналиева (66 кг), Нұрбану Убайдулла (76 кг), Дина Бодан (76 кг), Лаура Дустаева (+76 кг), Гауһар Омар (+76 кг).

Бәсекенің бас төрешісі – Максуджан Ашуров (Тәжікстан). Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 14 қазан, сағат 15:00-де өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Астана 2012-2017 жылы белбеу күресінен ересектер арасында Әлем чемпионатын қабылдаған. Сондай-ақ 2006 жылы Алматы елімізде алғаш болып аталған бәсекені өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или