Гарбин Мугуруза Рыбакинадан кейін Сан-Диегодағы турнирден шығып қалды

Гарбин Мугуруза Рыбакинадан кейін Сан-Диегодағы турнирден шығып қалды

Қытайлық теннисші Чжэн Цинвэн (әлемнің 28-ші ракеткасы) испаниялық Гарбине Мугуруза (әлемнің 13-ші ракеткасы) кездесуді жалғастыра алмағаннан кейін Сан-Диегодағы WTA-500 сериясы турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Матч небәрі 30 минутқа созылды.

Испаниялық спортшы қарсыласы 5:0 есебімен ұтып жатқан кезде матчтан бас тартты.

Еске салайық, Мугуруза бірінші айналымда Уимблдонның қазіргі чемпионы Елена Рыбакинамен ойнауы керек еді, бірақ қазақстандық теннисші сырқатына байланысты турнирден бас тартқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или