Қазақстанда алғаш рет биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді

Қазақстанда алғаш рет биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді

2023 жылдың 4-12 наурызы аралығында Щучинск қаласындағы Ұлттық шаңғы орталығында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемдегі ең мықты жас биатлоншылар бес түрлі дисциплинада 18 жарыста жүлделерді сарапқа салады.

Чемпионатқа 50-ден астам елден 800-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Чемпионатқа қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының құрамы желтоқсан айында Щучьедегі базада да өтетін Қазақстан кубогының қорытындысы бойынша анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или