Рыбакина Сан-Диегодағы WTA-500 турнирінен бас тартты
Уимблдон 2022 чемпионы, әлемнің 26-шы нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Сан-Диегодағы (АҚШ) WTA-500 турнирге қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымдағы кездесуде ол екі Үлкен дулыға турнирінің чемпионы испандық Гарбин Мугурусамен кездесуі керек еді. Жарыста Рыбакинаның орнына Қытай өкілі Чжэн Цинвэн шығады.
Сан-Диегодағы турнирдің жүлде қоры 757 900 долларды құрады.Жарыстың тізгінін әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ига Свиатек бастады.
Бұған дейін Рыбакина Остравада (Чехия) WTA-500 санатындағы турнирде өнер көрсеткен. Елена жартылай финалға шығып, болашақ чемпион чех Барбора Крейчиковадан 6:3, 6:7 (4:7), 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Рыбакина осы маусымда Гвадалахарада (Мексика) өтетін соңғы WTA-1000 турниріне қатысатыны белгілі болды.