Ковалев келесі жекпе-жегін қашан өткізеді

Ковалев келесі жекпе-жегін қашан өткізеді

Бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалев келесі жекпе-жегін жыл аяғына дейін өткізеді, деп жазады Prosports.kz.

Ковалев 2022 жылы мамырда болгариялық Тервел Пулевті жеңген. Бұл ресейлік боксшының бірінші ауыр салмақтағы алғашқы жекпе-жек болды.

«Сергей бірінші ауыр салмақта қалады. Ол келесі жекпе-жегін жыл аяғына дейін өткізеді», - деді ТАСС агенттігіне 39 жастағы боксшының командасы.

Ковалев Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO), Халықаралық бокс федерациясы (IBF) және Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) бойынша бұрынғы әлем чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или