Қайрат Закирьянов: Универсиада Қазақстанда өтпеуі мүмкін еді

Қайрат Закирьянов: Универсиада Қазақстанда өтпеуі мүмкін еді

2017 жылғы қысқы Универсиада ойындары Алматыда өтпеуі мүмкін еді. Бұл туралы ҚР Студенттік спорт федерациясының Президенті Қайрат Закирьянов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, сол кезде билік басындағылар ойындардың өтуіне ықылас танытпаған. Өйткені Астана қаласында 2017 жылы ЭКСПО-ны өткізу маңыздырақ болған.

«Сол тұста Алматы әкімі Ахметжан Есімовтың хатына Нұрсұлтан Назарбаев «Біз Экспо өткізуді сұраудамыз, әзірге қажет емес» деп жауап жазған. Сондықтан қысқы ойындар өтпеуі мүмкін еді», - деді Қайрат Закирьянов.

Бірақ ҚР Студенттік федерация Президенті Қайрат Закирьяновтың бірнеше рет көтерген бастамасынан кейін қысқы Универсиада 2017 жылдың қаңтарында өтті.

Айта кетейік, қысқы Универсиада ойындары, Олимпиададан кейінгі екінші мәртебелі жарыс болып есептеледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или