«Astana Marathon 2022» жарысының жеңімпаздары белгілі болды
Елордада «Astana Marathon 2022» спорттық іс-шарасының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Марафонға Қазақстан қалаларынан және әлемнің 10 елінен келген 3 мыңға жуық спортшы қатысты. Олардың арасында Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланд, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Моңғолия елдері бар.
42.2 шақырым дистанцияға жүгіргендердің 92,76% - ерлер, 7,24% әйелдер болды.
10 шақырымды еңсерген ерлер мен әйелдердің арақатынасы сәйкесінше 66,43% және 33,57% құрады.
Халықаралық марафонға қала әкімі, елорда жеңіл атлетика федерациясының төрағасы Алтай Көлгінов те қатысты.
42,2 шақырымдық жарыста бірінші орынды Аман Нұркелді, екінші орынды Әкім Еркебай еншілесе, үшінші орынды Дархан Іскендір қанағат тұтты. Абсолютті санатта әйелдер арасында бірінші орын Әсел Қабылбековаға, екінші орын Анастасия Мажанскаяға бұйырды. Үшінші орынды Татьяна Молчанова місе тұтты.
10 шақырымдық санатта ерлер арасында бірінші орынды Вадим Левченков, екінші орынды Дмитрий Щеглов, үшінші орынды Әлімжан Балтабек иеленді.
Әйелдер арасында бірінші орынды Айгүл Аржаникова алса, Гүлмира Әменова екінші орыннан көрінді, ал Полина Глущенкоға үшінші орын бұйырды.
Айта кетейік, «Astana Marathon-2022» – қайырымдылық шара. Бұған дейін Astana Marathon ұйымдастырушылары қайырымдылық ұйымдары үшін 39 млн теңгеден астам қаражат жинаған болатын.