Стивен Сигал елордалық оқушыларға шеберлік сағатын өткізді

Бүгін Оқушылар сарайында белгілі америкалық актер, режиссер және продюсер Стивен Сигал жекпе-жек өнерінен шеберлік сағатын өткізді. Айкидо Федерациясының 70-ке жуық спортшысы мен Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері әйгілі актердің шеберлігін тамашалады.

Стивен Сигал қала күніне орай елордамызда тұңғыш рет өтетін І Халықаралық жекпе-жек өнері фестиваліне қатысады.

Фестивальге Қазақтан, Америка, Қытай, Ресей, Чехия, Оңтүстік Корея және Жапонияның ең үздік шеберлері қатысады.

Сондай-ақ шараға актер, кәсіби спортшы, «Страна бокса», «Страна героев» тележобаларының жүргізушісі Сергей Бадюк пен ресейлік кикбоксер, кәсіпқойлар арасында бірнеше дүркін Әлем чемпионы Бату Хасиков та келмек.

Еске сала кетейік, ертең сағат 15.00-де «Марриотт» қонақ үйінде Стивен Сигал фестивальге қатысушы басқа да қонақтармен бірге баспасөз мәслихатына қатысады. Шараның салтанатты ашылу рәсімі сағат 19.00-де өтеді.

Astana.gov.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или