Мырзағали Айтжанов пен Данияр Елеусінов әлемнің үздіктері

Мырзағали Айтжанов пен Данияр Елеусінов әлемнің үздіктері

Халықаралық бокс қауымдастығы Қазақстан ұлттық бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен команда капитаны Данияр Елеусіновті екінші жыл қатарынан әлемнің үздігі деп танып отыр.

2013 жылы Айтжанов пен Елеусіновтің жетістіктері Алматы қаласында өткен әлем біріншілігіндегі қазақстандық боксшылардың 4 алтын иеленгеніне қарап шығарылған.

Қазақстан құрамасы 2014 жылы да керемет жетістікке жетті. Инчхонда өткен Азия ойындарында боксшыларымыз 6 алтын, 1 күміс және 1 қола иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

2014 жылдың үздік бапкері және боксшысы марапатын отандастарымызға AIBA атқарушы директоры Карим Бузиди табыстады.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или