Геннадий Головкин «Үздік спортшы» атағына ұсынылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин өте беделді ESPY Award спорттық сыйлығының тұжырымы бойынша «Үздік спортшы» атағына ұсынылды.

Бұл туралы Головкин твиттердегі жеке парақшасында жариялап, жанкүйерлерін оған дауыс беруге шақырды. Мына сілтемеге басып, сіз де дауыс бере аласыз.

Бұл атақтан Головкиннен бөлек, Флойд Мейвезер (бұл даңқты 6 рет иеленген) мен Теренс Кроуфорд, сондай-ақ UFC спортшылары Дональд Серроне пен Ронда Роузи да үмітті.

ESPN телеарнасы ESPY Award сыйлығын жыл ішінде спортта едәуір жетістікке жеткен спортшыларға беруді дәстүрге айналдырған. Бұл сыйлық 2007 жылдан бері беріліп келеді.

Массагет.кз сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или