Рыбакина Чехиядағы турнирдің финалына шыға алмады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Остравада (Чехия) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда отандасымыз чехиялық теннисші Барбара Крейчиковадан жеңіліп қалды.
2 сағат 21 минутта созылған аса тартысты кездесу 6-3, 6-7 (4-7), 4-6 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, Елена Рыбакина ширек финалда тағы бір чех спортшысы Петра Квитованы 7:6, 6:4 есебімен ұтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или