Новак Джокович: Карен расында шебер теннисші
Бұл Новак пен Кареннің арасындағы оныншы кездесу болды. Ресейлік тек бір-ақ рет жеңіске жеткен. Бүгінгі матч жайлы Джокович баспасөз жиыныда былай деді.
«Бүгін жақсы матч болды. Десе де бұдан да жақсы ойнай алар едім деп ойлаймын. Кездесу барысын бақылап, барынша тиімді шабуылдадым. Жеңіске жеткенімен қуаныштымын. Карен расында шебер теннисші.
Келесі, Даниилмен болатын матч мен үшін маңызды. Екеуміз де жақсы қорғанамыз. Физикалық дайындық пен шабуылда қалай ойнайтынымыз көп нәрсені шешеді. Ол қарсыласын барынша көп қимылдатуға тырысады. Әрі бэкхенд соққысын жақсы пайдаланады. Сондықтан ұпайға таласты барынша ұзаққа созуға тырысам»,-деді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или