Astana Open: Новак Джокович жартылай финалда ойнайды

Astana Open: Новак Джокович жартылай финалда ойнайды

Новак Джокович ресейлік Карен Хачановты сенімді жеңіп, Astana Open бәсекесінің жартылай финалына жолдама алды. Новак екі сетте де қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп: 6:4, 6:3. Матч бір жарым сағатқа созылды.

Айта кетейік, Новак финалға шығу үшін испан Роберто Баутиста-Агуттан айласын асырған ресейлік Даниил Медведевпен кездеседі. Екеуінің жолы осы уақытқа дейін 10 рет түйісіпті. Новак соның алтауында жеңіске жеткен.

Осыған дейін Астандағы турнирде серб теннисшісі Кристиан Гарин (Чили) мен Ботик Ван де Зандсхулптан (Нидерланды) басым түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или