Қанат Ислам аргентиналық боксшыны жеңді
Боксшы Қанат Ислам (29-1, 22 КО) аргентиналық қарсыласын ұтып, кәсіпқой жарыстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді.
АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Ситиде өткен бокс кешінде 38 жастағы Қанат Ислам аргентиналық Франциско Макиэльді төрешілердің шешімімен жеңді. Ол үшін бұл кәсіпқойлар арасында 29-жеңіс, ал Макиэль мансабында 18-ші рет жеңілді.
Айта кетейік, бұл жеңіс Ислам үшін биылғы ақпанда өзінің мансабындағы дебюттік жеңілісінен кейінгі алғашқы жеңіс болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или