Данилина Остравадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Данилина Остравадағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық Анна Данилина Остравада (Чехия) өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге чехиялық жұп Н.Бартункованы / Б.Палицованы ұтты - 7:6, 6:3.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды.

Жартылай финалдағы қарсылас теннисшілер кейінірек анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или