Андрей Рублев ATP 500 Astana Open турнирінің ширек финалына шықты

Андрей Рублев ATP 500 Astana Open турнирінің ширек финалына шықты

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы ресейлік Андрей Рублев ATP 500 Astana Open турнирінің екінші айналымында қытайлық Чжичжень Чжанды 6:3, 6:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Рrosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Басынан бастап сенімді ойнадым. Бәрі ойдағыдай болды, мен осы ырғақпен әрекет ете алатынымды сезіндім. Осыған байланысты болар, Чжан аздап ыңғайсызданып қалды, өйткені агрессивті ойын болған кезде матчты бірден бастап кету оңай емес. Мен оны білемін. Сондықтан, бірінші сетте жеңіске сенімді жеттім, ал екінші сетте мен одан да сенімді және еркін әрекет еттім, нәтижесінде мен матчты өте жақсы деңгейде аяқтадым», — деді Андрей баспасөз мәслихатында.

Астанада өтіп жатқан жарыстың 1/4 финалында Рублев бельгиялық Давид Гоффинмен немесе франциялық Адриан Маннариномен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или