Астанада танымал спортшылар баспаналы болды

Астанада танымал спортшылар баспаналы болды

Астана әкімдігі Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген төрт спортшыға арендалық баспана негізінде пәтер кілттерін табыстады.

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы таратқан мәліметтерге сәйкес, олардың қатарында қыздар арасындағы күрестен Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері Гүзел Манюрова, 2014 жылғы бокстан Азия ойындарының жеңімпазы Ілияс Сүлейменов, қыздар боксы бойынша Әлем біріншілігінің қола жүлдегері Ләззат Күнгейбаева, қыздар арасындағы күрестен Азияның үш дүркін чемпионы Татьяна Аманжол бар.

Сонымен қатар, осы күні Ләззат Күнгейбаеваға «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері» атағы жаңа баспана кілтімен қоса берілді. Аталған куәлікті спортшыға Конфедерация төрағасы Тимур Құлыбаевтың өзі табыстады.

Ал жаңа баспанаға ие болғандар арасында Ілияс Сүлейменов үшін осынау пәтер аса үлкен сый болып отыр.

«Былтыр ұлды болдым. Сол себепті біздің отбасы үшін бүгін атаулы оқиға деуге болады. Енді біздің жеке баспанамыз бар. Мен өте қуаныштымын. Астана қаласының әкімі мен Конфедерация басшылығына алғысым шексіз», - деді қуанышын жасыра алмаған жас спортшы І.Сүлейменов.

Тимур Құлыбаев болса өз кезегінде Конфедерация атынан Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековке спортқа жан-жақты қолдау білдіріп, спортшылардың баспана мәселесін шешуге атсалысып жүргені үшін алғысын білдірді. Ал Конфедерация құрамындағы спорт түрлері бойынша ел намысын қорғап жүрген атлеттерге сәттілік пен жаңа жеңістер тілеп, әлі талай спорт шыңын бағындыратындарына сенім білдірді.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или