«Ойын өте қиынға түсті»: Томашевич «Шахтерге» қарсы матч туралы
«Тобыл» қорғаушысы Жарко Томашевич қарағандылық «Шахтерге» (3:1) қарсы ойын туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі қостанайлық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ойын өте қиынға түсті. «Шахтер» – чемпионаттағы шабуылда көбірек ойнайтын команда, бірақ біз кездесу ырғағын бақылауда ұстадық. Өкінішке қарай, гол соғатын көптеген сәтті жіберіп алдық, әсіресе бірінші таймда мүмкіндіктер жеткілікті еді. Ең бастысы, біз үш ұпай жинадық. Үзілістен кейінгі ойындар әрдайым қиынға түсетінін атап өткім келеді, сондықтан бұл жеңіс біз үшін өте маңызды.
Бізді әрдайым қолдайтын жанкүйерлерімізге ерекше алғыс айтқым келеді. Жеңіс құтты болсын, Қостанай!», - деді ол.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или