Канело-Головкин трилогиясы: допинг нәтижесі шықты
Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварестің (58-2-2, 39 КО) үшінші айқастан кейін тапсырған допинг тесттерінің қорытындысы шықты.
Боксшылар допингке қарсы VADA ерікті қауымдастығының тестін тапсырды. Қарсыластар трилогия алдында WBC ұйымының "таза бокс" бағдарламасы аясында VADA-мен келісімге қол қойған.
- "Канело" Альварес пен Геннадий Головкинді VADA тестінен сәтті өткенімен құттықтаймыз", - деп жазыпты допингке қарсы ұйым Twitter желісінде.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или