Бекман Сойлыбаев WBA Inter-Continental титулын жеңіп алды. Видео
Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев Люблинде (Польша) өтіп жатқан бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Оңтүстік Африка елінің өкілі Сифосету Мвуламен жұдырықтасты. 12 раундқа есептелген жекпе-жек 7-раундта аяқталды. Сойлыбаев қарсыласын нокаутқа түсіріп, WBA Inter-Continental титулын жеңіп алды.
Айта кетейік, Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокстағы он бесінші жеңісіне қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или