«Каспий» ФК жаңа басшысын таныстырды
«Каспий» футбол клубы Инстаграм желісіндегі ресми парақшасында жаңа басшының тағайындалғаны туралы жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бүгін Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшының уақытша міндетін атқарушысы Бисенкулов Жамбыл, «Каспий» футбол клубы басшының уақытша міндетін атқарушы Джамбиров Ержан Мақсатұлын таныстырды», - делінген клуб хабарламасында.
Ержан Мақсатұлының еңбек жолдары:
- 2009-2015 ж.ж. - «Каспий» футбол орталығының 1999 жылғы жасөспірімдер командасының Бас Бапкері;
- 2015-2016 ж.ж. - Қазақстан велоспортының федерациясында Менеджер қызметінде еңбек етті;
- 2016-2018 ж.ж. «Астана футбол клубында «Негізгі команданың селекционері», содан соң «Спорттық менеджері» және «Спорттық директоры» қызметтерінде еңбек етті;
- 2018 жылы Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубында «Спорттық директоры» қызметінде еңбектенді;
- 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Маңғыстаулық «Каспий» футзал клубының директоры міндетін атқарды.
Айта кететін жәйт Ержан Мақсатұлының шәкірттері Ресей чемпионы «Зенит» сапында өнер көрсететін Нұралы Әліп және «Астана» футбол клубының ойыншысы Талғат Кусяпов ұлттық құраманың ойыншылары болып табылады.
Каспий футбол клубы Ержан Мақсатұлын шын жүректен құттықтай отырып, қызметіне сәттілік тілейді.