«Жексенбі күні таңғы 7-де оятамыз!». Жәнібек Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады

«Жексенбі күні таңғы 7-де оятамыз!». Жәнібек Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) командасы қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі туралы ақпарат қашан шығатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қадірменді жанкүйерлер! Жекпе-жек уақыты мен қарсылас ресми түрде келесі аптаның басында жарияланады! Дайындық қызып жатыр. Біз енді бастадық. Құдай қаласа алдағы 10 жылдықта барлығыңызды жексенбі күні таңғы 7-де оятамыз! Нәсіп болса елде де бірнеше бокс кешін ұйымдастырып, өнер көрсетеміз! Біз жанкүйермен мықтымыз! Тарихи күндерде жолығайық!» – деп жазды Жәнібектің командасы.

Boxrec.com мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлы рингке 12 қарашада оралады.

Фото instagram.com/janibek_qazaqstyle

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или