«Шәкіртім спорттық емес принцип бойынша Азия чемпионатынан тыс қалды»
Танымал қазақстандық бапкер Сағатбек Мұсаханов Prosports.kz<span> сайтына шәкірті Балауса Мұздыманның ұлттық құрамадан әділетсіз шеттетілгенін айтты.</span>
– Әр жыл сайын өтетін Қазақстан чемпионатында әр салмақтағы бірінші, екінші және үшінші нөмірлі боксшылар анықталды. Шәкіртім Балауса Мұздыман – жастар арасында 2015 жылғы әлем чемпионы, 54 кг дейін Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. Бұл салмақта бірінші нөмір – Дина Жоламан. Биыл әлем чемпионатында үшінші орын алды. Дегенмен ол үзіліс алуына байланысты ұлттық құрама сапында жоқ. Қазан айының соңында Иорданияда Азия чемпионаты өтеді. Ол жаққа құраманың екінші нөмірі - Балуса Мұздымен баруы керек еді, алайда ұлтты құраманың бас бапкері 52 кг дейінгі салмақтан Жайна Шекербекованы алып барайын деп жатыр. Менің шәкіртім Азия чемпионатынан спорттық емес принцип бойынша тыс қалып отыр.
Құраманың жаттықтырушылар штабының осыған қатысты қандай да бір объективті түсіндірмесі болды ма?
– Шәміл Сафиуллин Мұздыман көп салмақ қуады деген себеп айтып отыр. Бірақ шәкіртім әр тексерісте салмақтан асып көрмеген. Жалпы, сылтау көп. Спорттық принцип бойынша Жоламаннан кейін екінші нөмір Мұздыман, сондықтан Қазақстан намысын ол қорғау керек. Қазір 52 кг дейін салмақта жұдырықтасып көрмеген Жайна Шекербекова жарысқа барғалы жатыр.
</picture>