Геннадий Головкин: «Оскар Де Ла Хойямен жақын арада жұдырықтасуға дайынмын»

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Оскар Де Ла Хойяға қарсы жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Оскарды қатты құрметтеймін. Ол ұлы чемпион және бокстың жарық жұлдызы. Егер оның менімен жұдырықтасқысы келсе, мен жақын арада онымен жекпе-жек өткізуге дайынмын. Бұл кезекті big drama show болар еді», - деді Головкин.

Естеріңізге сала кетсек, Оскар Де Ла Хойя кәсіби мансабын 2008 жылы аяқтаған болатын. Енді ол Мейвэзер немесе Головкиннің бірімен жұдырықтасу үшін рингкеқайта оралуға дайын екенін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или