Мейвезер Головкинмен жекпе-жек өткізуге келісіп отыр

Мейвезер Головкинмен жекпе-жек өткізуге келісіп отыр

Америкалық кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезер (48-0, 26 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (33-0, 30 КО) шаршы алаңда кездесіп қалуы әбден мүмкін. Мұны жергілікті ақпарат құралдарына сұхбат берген америкалықтың әкесі әрі бапкері мәлім етті.

«Бір ғана шартымыз бар. Егер Головкин жекпе-жек өтетін күні 69,9 немесе 68 келі тартатын болса, біз бұл кездесуді өткізуге дайынбыз. Бірақ, Головкин алдын-ала салмақ тарту рәсімінен кейін кездесу болатын күнге дейін көп салмақ қосып қояды», - дейді Мейвезер.

Айта кету керек, екі боксшы да келесі жекпе-жектерін биылғы жылдың қыркүйек айында өткізуді жоспарлап отыр. Естеріңізде болса, бұдан бұрын Мейвезер «Головкиннің мені жығуға шамасы жетпейді» деп мәлімдеген болатын.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или