Олимпиада-2020 ұйымдастыру комитеті 8 жаңа спорт түрін таңдады

2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті әлем біріншілігінің бағдарламасына енгізілуі мүмкін 8 жаңа спорт түрін таңдап алды.

Бұл тізімге боулинг, софтбол, бейсбол, каратэ, тауға өрмелеу, серфинг, роликті коньки тебу және ушу алынды. Жаңа тізім биылғы жылдың 30 қыркүйегіне дейін Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) назарына ұсынылады. Бейсбол мен софтбол соңғы рет 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарында көрсетілген болатын, сонан соң олимпиада бағдарламасынан алып тасталды.

Айта кету керек, ХОК қорытынды шешімді 2016 жылдың тамызына дейін қабылдауы тиіс.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или