Ол менің ағамдай, бір-бірімізді әрдайым қолдаймыз - Димаш Құдайберген Головкин туралы

Ол менің ағамдай, бір-бірімізді әрдайым қолдаймыз - Димаш Құдайберген Головкин туралы

Әнші Димаш Құдайберген Алматыда жанкүйерлерімен кездесуде бокс пен аралас жекпе-жекті бала кезінен жақсы көретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш шара кезінде жүргізушілердің сұрағына жауап бере отырып, боксшы Геннадий Головкинді қатты құрметтейтінін атап өтті.

«Геннадий Головкинді «Канеломен» жекпе-жегінен кейін құттықтадым. Ол 40-қа келгеніне қарамастан, мықты өнер көрсетті және күшті қарсыласымен 12 раунд бокстасты. Бұл сирек кездесетін қабілет және құрметтеуге тұрарлық. Гена мен үшін әрдайым чемпион. Батырымызға мықты денсаулық пен табыс тілеймін», - деді әнші.

Димаш Геннадий Головкинмен жеті жылдан бері таныс екенін айтты.

«Ол менің ағам сияқты, біз әрдайым бір-бірімізді қолдаймыз, ынталандырып, жігерлендіріп отырамыз. Геннадий сияқты еліміздің даңқын шығаратын чемпиондарымыз көп болсын», - деді ол.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или