Магомед Кабардиев: Екінші раундта сәл өзгеріс енгізіп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтадым
NAIZA 44 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсеткен Магомед Кабардиев өзбекстандық Фарходжон Машраповты жеңді.
«Жоспар бойынша жұмыс істедім. Бірінші раундта көп соққым дарымады. Ал екінші раундта сәл өзгеріс енгізіп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтауды көздедік және мақсатымызға жеттік. Кейінгі бес жекпе-жегімді қарасаңыздар партерде еш мүмкіндік бермедім», - деді Магомед Кабардиев.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или