«Astana Arlans» Дүниежүзілік бокс сериясының чемпионы атанды

Бүгін Астанада өткен Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) финалында «Astana Arlans» Куба мемлекетінің «Cuba Domadores» командасын жеңіп, WSB чемпионы атанды.

Екі күндік кездесудің қорытындысы бойынша ұпай саны 5:4 болған жекпе-жекте 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан қазақстандық боксшы Иван Дычко кубалық Йоханди Тойрак Ортеганы жеңіп, «Astana Arlans» командасына чемпион атағын сыйлады. Қорытынды ұпай саны қазақстандықтардың пайдасына 6:4.

И.Дычко қарсыласын (50:45, 50:45, 50:45) 3:0 есебімен ойсырата жеңді.

Айта кетер болсақ, кубалық «Куба Домадорес» боксшылары бұған дейін мексикалық «Мехико Гуэррасты» екі күндік кездесу нәтижесінде 10:0 есебімен жеңген болатын.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или