Атлетика

Эльжана Таниева әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Эльжана Таниева әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
news-banner7
mobile-news-top

Болгария астанасы Софияда көркем гимнастикадан әлем чемпионаты аяқталды. Аталған сынға Әлия Юсупова бастаған Қазақстан құрамасы да қатысты.

Жекелей сында Эльжана Таниева сегізінші орын алды. Бұл Әлия Юсупова өнер көрсеткеннен кейін қазақстандық гимнастар көрсетіп отырған жоғарғы нәтиже.

Юсуповадан кейін отандық спортшылар әлем чемпионатында алғашқы ондыққа енбеген. Көпсайыс қорытындысы бойынша италиялық София Рафаэлли жеңіске жетті. Күміс медальді германиялық Дарья Ворфоломеев, қоланы Стиляна Николова иеленді.

Сондай-ақ, Таниева аталған әлем чемпионатында Азия құрлығындағы ең жоғарғы нәтижені көрсетті. Ал топтық жаттығудан Қазақстан командасы 24-орын иеленіп, 2023 жылғы әлем біріншілігіне жолдама алды.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер