Серік Сәпиев: «Көпшілік Василий Левиттің жеңілгеніне наразы»

Серік Сәпиев: «Көпшілік Василий Левиттің жеңілгеніне наразы»

WSB финалының бірінші күнінде «Астана Арланс» боксшысы Василий Левит қарсыласы кубалық Эрисланди Савон Котилладан жеңілген болатын, алайда көрермендер төрешілердің бұл шешіміне наразы, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Осыған орай «Хабар» арнасы интернет бөлімінің редакциясы «Астана Арланс» клубының бас менеджері Серік Сәпиевпен кездесіп, шұғыл сұхбаттасқан болатын.

-Василий Левит пен Эрисланди Савон Котилланың кездесуін қалай бағалайсыз? Көрермендер де Василий Левиттің жеңіліске ұшырағанына наразы. Бұған ойын соңында куә болдыңыз. Сіз бұған не айтасыз?

-Біздің боксшыларымыз бүгінгі кездесуде жоғары деңгейде өнер көрсетті. Мен «Астана Арланстың» жігіттеріне ризамын. Шаршы алаңға шыққан боксшылардың қай-қайсысы да үздік өнер көрсетті.  Иә, көпшілік Василий Левиттің жеңілгеніне наразы. Бұл төрешілердің қателігінен болды. Дұрыс болмады, әрине. Барлығы қоңырау шалып, хабарласып, жазып жатыр. Көпшілік төрешілердің оң шешімін күтіп, 10 минуттай күтті. Тіпті ойын аяқталғаннан кейін жүргізушінің өзі де жаңылысып, «Василий», - жеңді деп хабарлады.

Көрермендер де солай күтті. Бірақ төрешілердің шешімі осылай болды.  Мен бүгінгі кездесуде Василийдің жеңіске жеткенін білемін. Төрешілердің шешіміне келіспеймін. Барлығы бұған қарсы. Біз не болса да, ертеңгі күнді күтеміз. Ертеңгі ақтық сында біздің жерлестеріміз жеңіске жетеді деген үміттеміз. Егер ертең төрешілер тарапынан осындай қателік болса, біз WSB, Бокс Федерациясына ұсыныс-хат жолдайтын боламыз. Болатын ақтық сын бүгінгі өкініштің орнын толырады деген үміттемін.

-Василий Левит шаршы алаңда өзін жақсы көрсете білді. Төрешілер неге мұндай шешім қабылдауы мүмкін?

-Төрешілер дұрыс шешім шығармады. Олар Савонның жеңгенін қалады. WSB вице-президенті мистер Карим Бузиди: «Мен 91 кг салмақтағы боксшылардың кездесуін ұзақ күттім»,– деді. Енді қос боксшы да өз командасының үздіктері ғой. Жалпы төрешілердің шешіміне барлығы қарсы. Бұл әділетсіз шешім. Ойынды тамашалаған басқа клубтың өкілдері де айтып жатыр. Барлығы бізді қолдауда. Не де болса, біз ертеңгі ақтық сынды күтеміз.

Дереккөз: khabar.kz сайты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или