Головкин Boxrec.com рейтингінде төрт сатыға көтерілді
BoxRec.com әлемнің ең үздік боксшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мексикалықтан жеңілгеннен кейін Геннадий Головкин төрт сатыға көтеріліп, тізімде 4-орынға тұрақтады.
Boxrec-тің жаңартылған P4P рейтингі:
1. Сауль «Канело» Альварес (Мексика)
2. Дмитрий Бивол (Ресей)
3. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
4. Геннадий Головкин (Қазақстан)
5. Александр Усик (Украина)
6. Энтони Джошуа (Ұлыбритания)
7. Эррол Спенс-младший (АҚШ)
8. Наоя Иноуэ (Жапония)
9. Шакур Стивенсон (АҚШ)
10. Деонтей Уайлдер (АҚШ).
Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жекке дейін қазақстандық боксшы бұл тізімде сегізінші орында болған.
Сондай-ақ қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) америкалық Габриэль Росадоны (26-16-1, 15 КО) сенімді жеңгеннен кейін Boxrec.com рейтингінде көтерілді.
Ахмедов тәжірибелі америкалық боксшы Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) жұдырықтасты. Супер орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланып, бүкіл қашықтыққа созылды. IBF (Солтүстік Америка) және WBC Silver титулдары бәске тігілді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Ахмедовқа берді.
ФОТО championat.com