Қазақстандық бойжеткен парабиден Әлем Кубогында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық бойжеткен парабиден Әлем Кубогында қола медаль жеңіп алды

Қарағандылық Айгүл Балмағамбетова Словакияда өткен Парабиден Әлем кубоында қола медаль жеңіп алды.

Халықаралық паралимпиада комитетінің ұйымдастыруымен Парабиден әлем кубогы Кошице қаласында (Словакия) өтті. Қазақстан құрамасы еліміздің үздік спортшыларынан құралып, рекордты марапатқа ие болды. Олардың бірін Қарағанды облысы мүгедектер спорты мектебінің спортшысы Айгүл Балмағамбетова жеңіп алды.

Арбамен билеу байқауына әлемнің 15 елінен 100 параспортшы қатысты. Жарыс классикалық, еуропалық және латынамерикалық би түрлерінде, сондай-ақ Freestyle және Single түрлері бойынша өтті.

Қазақстан заманауи және спорттық би федерациясының президенті, Қазақстан жұптық би федерациясының бас бапкері Әлия Түсіпбекова Кошице әуежайында жолжүкті жоғалту салдарынан туындаған қиындықтар туралы айтып берді. Қазақстандық бишілер өз арбаларынсыз қалғандықтан, басқа арбаға отырып, өнер көрсетуге мәжбүр болды. Алайда, бұл жақсы нәтиже көрсетуге кедергі болмады.

Қазақстан құрамасы екі алтын, сегіз күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Қарағандылық Айгүл Балмағамбетова халықаралық марапаттар топтамасын қоламен толықтырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или