Грек-рим күресі

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола медаль алды

Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола медаль алды

Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айдос Сұлтанғали қола медаль алды. Ол үшін орын үшінші белдесуде венгриялық Кристиан Кечкеметті 7:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Айдос жартылай финалда қырғыз спортшысы Жоламан Шаршенбековтен жеңіліп, финалға өте алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0