WTA рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанған поляк теннисшісі Ига Свентек<span> </span>жекелей сында<span> </span>бұрынғыша көш бастап келеді.
Осы жарыстың финалында И.Свентектен жеңілген тунистік Онс Жабер екінші орынға көтерілді. Эстониялық Анетт Контавейт 3-сатыға ығысты.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 25-орнында қалса, Юлия Путинцева 38-ден 36-ға жоғарылады.
Жұптық сында<span> </span>АҚШ ашық чемпионатында сәтті өнер көрсеткен чехиялық Катерина Синякова көш басына шықса, оның отандасы Барбора Крейчикова - екінші, бельгиялық Элизе Мертенс үшінші сатыда тұр.
Қазақстандықтардан Анна Данилина 19-дан 20-ға төмендесе, Елена Рыбакина 106-дан 102-ге көтерілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын поляк теннисшісінің алғаш рет US Open турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ испаниялық теннисші АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.
Фото: РИА Новости / Алексей Филиппов