Грек-рим күресі

Әлем чемпионатында Ибрагим Магомадов қола жүлдеге таласады

Әлем чемпионатында Ибрагим Магомадов қола жүлдеге таласады
news-banner7
mobile-news-top

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында Ибрагим Магомадов грек-рим күресінен қола жүлдеге таласады.

Ел құрамасынан 72 келіде сынға түсіп жатқан балуан жұбаныш белдесуінде түркиялық қарсыласын жеңді. Осылайша қола жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды.

Енді қазақстандық тағы бір спортшы Тамерлан Шадукаев (77 келі) жұбаныш белдесуінде жеңіске жетсе, сербиялық Виктора Немеспен үшінші орынды сарапқа салады.

Айта кетсек, тағы бір балуанымыз Аманғали Бекболатов (55 келі) қола медаль үшін жұбаныш белдесуін өткізеді. Ол кеше, 10 қыркүйекте жартылай финалда грузиялық Нугзари Цурцумииге жол беріп қойды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер