Тимоти Брэдли: «Мен қорқақ емеспін, Головкинмен жұдырықтаса аламын»

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін америкалық Тимоти Брэдли Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Әлем чемпионының бесінші титулын алуға дәмелімін. Головкинмен жұдырықтасқым келетінін айттым, бірақ ол маған шақырту жіберген жоқ. Екеуіміз де шалбар киіп жүрген адамбыз. Мен қорқақ емеспін. Менің машықтарым бар, мен соларға және өзіме сенемін. Адамдар мені есінен адасқан деп айтатын шығар, бірақ маған бәрібір. Головкиннің есімін айтса болды, онымен ешкімнің жұдырықтасқысы келмейді. Мен келісер ме едім? Иә, онымен жұдырықтасуға келісер едім. 160 фунтта ма? Иә, онымен 160 фунт дәрежесінде жекпе-жек өткіземін. Мені нокаутқа жіберетін болса, жіберсін. Біз оны көре жатармыз», - деді Брэдли.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или