Қазақ күресі федерациясы Конфедерация құрамына алынды

ҚР Қазақ күресі федерациясы ресми түрде Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының құрамына кірді. Бұл туралы Конфедерацияның баспасөз қызметі мәлім етті.

Мамыр айында Қазақ күресі федерациясының есептік конференциясында Конфедерацияның құрамына кіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешімді Конфедерацияның жалпы жиналысында оның мүшелері бірауыздан құптады. Осылайша, қазақ күресі Федерациясы Конфедерацияның алтыншы мүшесі болып отыр.

Айта кетейік, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы 2012 жылы құрылған болатын. Оның төрағасы Тимур Құлыбаев. Қазіргі таңда бокс, грек-рим, еркін және әйелдер күресі, дзюдо, таэквондо (WTF) және ауыр атлетика федерациялары ұйымның мүшелері.

Конфедерацияны құрудағы мақсат – үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін кәсіпқой, кадрлық және қаржы ресурстарының басын біріктіру. Конфедерация мүшелері спорт түрлерін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді шешеді.

Бес федерацияның басын біріктіріп отырған ұйымның міндеті: бұқаралық спортты дамыту, оларды кеңінен таныстыру, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау.

Конфедерация сондай-ақ әлемдік біріншіліктерде жеңіске жетуге қабілетті атлеттерді дайындау мәселелерін шешуде көп қаржылай шығынды және кешенді, жүйелі жұмысты талап ететін жоғары жетістіктер спортын дамытумен, дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау сияқты мәселелермен айналысады.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или