Жеңіл атлетика

Алматыда жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

 Алматыда жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Жарысқа 2005-2006 және 2007-2008 жылдары туған жас топтарындағы ұлдар мен қыздар қатысады. Медаль үшін 600-ден астам спортшы бақ сынайды. Турнир аясында 112 марапат жиынтығы ойнатылады.

Қазақстан Республикасының Чемпионаты 13-16 қазан аралығында Кувейтте өтетін U18 Азия чемпионатына қатысу үшін Қазақстан командасын қалыптастыру үшін іріктеу кезеңі болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер