Басқа

TARTYL FEST спорт фестиваліне 12 мыңға жуық адам қатысты

TARTYL FEST спорт фестиваліне 12 мыңға жуық адам қатысты

Турникте тартылу бойынша Tartyl Fest спорт фестивалінің іріктеу турнирі аяқталды. Жарыс 10 шілдеден бастап әр өңірде өткізілді, іріктеу кезеңінің жалпы жүлде қоры - 63 миллион теңге. Бүгінгі таңда Tartyl Fest рекорды - 50.

«Tartyl Fest – бұл үлкен спорт мерекесі. Ол салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Еліміздің 12 мыңға жуық азаматы осындай ауқымды жарысқа қызығушылық танытып, белсенді қатысқаны қуантады. Қазір көпшілік қауым «жастарымызды пернетақтадан жұлып алу мүмкін емес» деп жатады, бірақ осындай ауқымды спорт жарысы ол пікірді жоққа шығарады. Мына сайыс соның айқын дәлелі», – деді Дәурен Абаев.

Еліміздің 20 қаласының әрқайсысында 9 санатта 27 жүлдегер анықталды. Бірінші орын үшін қатысушылар 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды, екінші орын үшін – 100 мың теңге, үшінші орын үшін – 50 мың теңге.

Енді барлық жеңімпаздар қазан айында өтетін финалда кездеседі және кім үздік екенін анықтайды. Бірінші орын үшін жеңімпаз бірнеше миллион теңгеге ие болады.

Түпнұсқасы: gov.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0