Димитар Димитров: «Болгариялық футболшылардың «Ертісті» күшейтеріне сенімдімін»

Павлодарлық «Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров клубтың жаңа ойыншылары туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Өздеріңіз білесіздер, бұл ойыншылар «Ертіске» Болгария чемпионатынан ауысып келді. Сондықтан олардың деңгейлерін мен жақсы білемін, - дейді Димитров клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында. – Болгариядағы футбол маусымы мамыр айында аяқталғандықтан ойыншылар осы уақытқа дейін жеке дайындалды. Аталған ойыншылардың «Ертісті» күшейтеріне және алға қойылған мақсаттардың орындалуы үшін көп көмегін тигізеріне сенімдімін.

- Команданың жаңа ойыншылары «Оқжетпеске» қарсы ойында алаңға шығуы мүмкін бе?

- Команданың капитаны Самат Смақов жарақат алып қалды, Пірәлі Әлиев ойыннан шеттетілді. Осы себептерге байланысты «Оқжетпеске» қарсы матчта біздің орталық шебімізде біраз мәселелер туындауда. Егер де кездесу болмай тұрып ойыншыларды тіркеп үлгерсек, сенбі күнгі матчта алаңда көріп қалуымыз әбден мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или