Басқа

Қазақстандық спортшы каноэдан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы каноэдан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Батысқазақстандық спортшы Мария Бровкова 18 жасқа дейінгілер арасында каноэдан Мажарстанның Сегед қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Спортшының анасы әрі жеке бапкері Елена Бровкованың мәлім еткеніндей, Мария бүгін бір адамдық каноэда 1 мың метр қашықтықта топ жарған.

«Қызым бұған дейін де көптеген жарыстарда жүлде алып жүрді. Жасөспірімдер және 21, 22 жастағылар арасында Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды. Биыл наурыз айында Таиландта өткен Азия біріншілігінде бір адамдық каноэдан 500 метр қашықтықта күміс жүлдеге ие болды. Міне, енді Қазақстан тарихында қыздар арасында алғаш рет әлем чемпионатының алтынын алып отыр. Бұл – үлкен табыс», деді ҚазАқпарат тілшісіне Елена Бровкова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0