Басқа

Қытайда жабық ойын алаңдарында өтуі тиіс жеңіл атлетика бойынша әлем чемпионаты-2023 ауыстырылды

Қытайда жабық ойын алаңдарында өтуі тиіс жеңіл атлетика бойынша әлем чемпионаты-2023 ауыстырылды

World Athletics кеңесі 2023 жылдың 17-29 наурыз аралығында болатын Нанкин қаласында (Қытай) жабық ойын алаңдарда өтуі тиіс жеңіл атлетикадан әлем чемпионатын кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады.

Нанкиндегі әлем кубогы 2025 жылдың наурызына дейін кейінге қалдырылады (нақты күндер кейінірек анықталады). Бұл шешім пандемияға байланысты Нанкин ұйымдастыру комитетінің және Қытай жеңіл атлетика қауымдастығының (CAA) келісімімен қабылданды.

Нанкиндегі Чемпионат үшінші рет кейінге қалдырылды, бастапқыда ол 2020 жылы өткізілуі керек еді, содан кейін 2021 жылдың наурызына дейін кейінге қалдырылды, бертін келе 2023 жылдың наурызына ауыстырылды. Осылайша, жеңіл атлетикадан жабық алаңдарда өтетін келесі Әлем чемпионаты 2024 жылдың 1-3 наурыз аралығында Глазгода өтетін болып шешілді. Сондай-ақ, 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім беру процесі басталды.

Түпнұсқасы: olympic.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0