Басқа

Триатлон: Аян Бейсенбаев пен Дарын Қонысбаев Әлем Кубогына қатысты

Триатлон: Аян Бейсенбаев пен Дарын Қонысбаев Әлем Кубогына қатысты
news-banner7
mobile-news-top

26-30 тамыз аралығында Норвегияның Берген қаласында триатлоннан Әлем Кубогы өтті. Бұл бәсекеге 29 елден таңдаулы 65 атлет жиналған.

Бұл қатарда қазақстандық Аян Бейсенбаев пен Дарын Қонысбаев та бар. Бәсеке қорытындысы бойынша Аян 53-ші (уақыты: 00:59:56), ал Дарын 61-болып (уақыты: 01:03:27) мәре сызығын қиды.

Айта кетейік, үздік 50 спортшыға әлем рейтингінде ұпай қосылды. Енді қос қазақстандық 3-4 қыркүйек аралығында Испанияның Валенсия қаласында өтетін Әлем Кубогына қатысады. Бұдан бөлек, үш сайыс шеберлері Чехияның Карловы Вары қаласы (10-11 қыркүйек) мен Оңтүстік Кореяның Тхонъен қаласында (1-2 қазан) өтетін Әлем Кубогына дайындалады.

Түпнұсқасы: kazsports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер