Басқа

Дамир Тоқтаров әлем чемпионатында 3-орын алды

Дамир Тоқтаров әлем чемпионатында 3-орын алды

21-31 тамыз аралығында АҚШ-тың Даллас қаласында құзға өрмелеуден жастар арасында әлем чемпионаты өтті.

Он күн бойы 40 елден келген 300-ге жуық таңдаулы спорты өзара кім мықтыны анықтады. Бұл бәсекеге 8 атлет аттандырған Қазақстан құрамасы бір жүлдеге қол жеткізді. Дамир Тоқтаров жылдамдыққа жарыста қола жүлдегер атанды. Қазақстандық кіші финалда германиялық Аодан Умлауфпен жарысып, жеңіске жетті. Дамирдің уақыты: 6.18 секунд.

Отандасымыз 1/8-де жапон Юки Миякені, ширек финалда америкалық Августин Чиді жеңген. Өкінішке қарай, ол жартылай финалда кейін жеңіске жеткен итальян Франческо Понцинибиоға есе жіберді.

Түпнұсқасы: kazsports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0