Ұлттық спорт

Көкпардан ұлттық құрама оқу -жаттығу жиынын аяқтады

Көкпардан ұлттық құрама оқу -жаттығу жиынын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Көкпардан ҚР ұлттық құрамасының мүшелері осы жылдағы екінші оқу-жаттығу жиынын өткізді. Тамыз айында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Олимпиадалық даярлау орталығында жалпы дене дайындығы бойынша жаттығу жасап, спортшылар физикалық тұрғыдан шыныққан болатын.

Кезекті оқу-жаттығу жиыны 7-20 тамыз аралығында Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы «Атлетик» спорт базасында өтті. Бұл оқу-жаттығу жиынында спортшылар арнайы дайындықтан өтіп, аттармен бірге жаттығу жасады.

Көкпардан бас жаттықтырушы Қуанышбек Құрамаев ұлттық құрамадағы 24 спортшыны жан-жақты дайындықтан өткізуде. Құрамада еліміздің барлық өңірінен мықты спортшылар қамтылған.

Ұлттық құраманың сапында көкпардан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Абылайхан Нышанбеков, көкпардан Азия чемпионы - Құрманбек Тұрғанбек сынды шабандоздар бар. Сондай-ақ, еліміздің намысын Нұрқасқа, Бүркіт, Заңғар, Найман, Кәмпит, Қаршыға сынды үздік аттар қорғайтын болады.

Аталған оқу-жаттығу жиындары IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бағытталған. Көшпенділердің дәстүрі мен жауынгерлік рухын жаңғыртқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Түркияның Изник қаласында 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді.

Қазіргі таңда «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығынан» көкпар мен қазақ күресінен ұлттық құрамалар дайындықтарын пысықтап жатыр.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер