WBA рейтингісі: Қазақстандық боксшылардың орны қандай
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі <span>рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.</span>
Қазақстандық боксшылардың рейтигтегі орны мынадай:
Аса ауыр салмақта қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий тоғызыншы орында, ал Иван Дычко 15-орында тұр. Бұл салмақта WBA титулының иегері Александр Усик.
Бірінші ауыр салмақта Қамшыбек қоңқабаев төртінші, Серік Мұсәділов 12-орынға ие болды. Чемпион - франциялық Арсен Гуламирян.
Супер орта салмақта жерлесіміз Айдос Ербосынұлы көш бастап тұр. Бек Нұрмағанбет 11-сатыға жайғасқан. Бұл салмақтағы супер чемпион - мексикалық Сауль Альварес.
Орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин. Бұл салмақта Мейірім Нұрсұлтанов 14-орында тұр.
Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек оныншы орынға ие болды. Бұл салмақта «Супер чемпион» жоқ.
Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта алтыншы орынға жайғасты. Бұл салмақта чемпионы - өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев.