Әйелдер күресінен әлем чемпионатында бақ сынайтын қазақстандық балуандар белгілі болды

Әйелдер күресінен әлем чемпионатында бақ сынайтын қазақстандық балуандар белгілі болды

Сербияда өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатында әйелдер күресінен қатысатын ел құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дүбірлі дода 10-18 қыркүйек аралығында Сербия астанасы Белград қаласында өтеді.

Әлемдік додада Светлана Анкичева (50 келі), Жұлдыз Ешімова (53 келі), Марина Седнева (55 келі), Эмма Тисина (57 келі), Диана Каюмова (59 келі), Аяулым Қасымова (62 келі), Елена Шалыгина (65 келі), Мәдина Бақбергенова (68 келі) Жәмила Бақбергенова (72 келі), Гүлмарал Еркебаева (76 келі) боз кілемге шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или