Басқа

Маңғыстаулық спортшы-полицейлер Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың марапатына ие болды

Маңғыстаулық спортшы-полицейлер Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың марапатына ие болды

Маңғыстаулық спортшы-полицейлер Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың марапатына ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың шілде айының 22 мен 31 күндері аралығында Голландия мемлекеті Роттердам қаласында полицейлер мен өрт сөндірушілер арасында спорттан Дүниежүзілік ойын өткізілді. Бүкіләлемдік бұл тартысқа әлемнің 97 елінен барлығы 13500 спортшы жиналған. Олардың қатарында қазақ елінің, Маңғыстау өлкесінің намысын қорғаған ІІО қызметкерлері бар. ІІМ өткен марапаттау салтанатты шарасында жүлдегер атанған барлық полицейге министр Марат Ахметжанов марапат табыстады.

Бүкіл әлем күш құрылымдары арасындағы бұл додада бокстан 75 кг салмақ дәрежесінде полиция капитаны Жандос Сұлтанов, каратэ спортынан 70 кг салмақ дәрежесінде полиция лейтенанты Мұса Бексұлтан мен 75 кг салмақ дәрежесінде полиция капитаны Мерген Калимжанов бірінші орынды иеленіп, алтын медаль жүлдегерлері атанды.

Сонымен қатар, бокстан екі қызметкер күміс медаль иеленді. Олар: полиция капитаны Берік Абдрахманов және полиция лейтенанты Дидар Алғалиев.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0