Жас таеквондодшыларымыз Азия чемпионатын жеті медальмен аяқтады

Таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионатын Қазақстан құрамасы жеті медальмен аяқтады, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.
Хошиминдегі (Вьетнам) соңғы жарыс күнінде жерлестеріміздің арасынан Бекарыс Бекенов (+78 кг), Мария Севостьянова (55 кг) мен Назым Махмұтова (63 кг) ерекше көзге түсті. Бекенов пен Севостьянова күміс жүлде иеленсе, Махмұтова қоланы қанжығасына басты.
Осылайша сары құрлық біріншілігінде Нұрболат Жаңбыров шәкірттері екі күміс және бес қола медаль еншіледі. Мұның алдында Айдана Сүндетбай (46 кг), Тамирлан Тілеулес (51 кг), Батырхан Тілеуғали (68 кг) және Нұрасыл Қуандық (78 кг) үздік үштіктің қатарына енген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или